Павлодарлық балабақшаларда 7 мыңнан аса орын жыл бойы бос тұрған
Павлодар қаласында биыл жыл бойы 36 балабақша мүлдем жұмыс істемеген немесе 7 мың 200 орын бос тұрған.
Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлайды.
Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен білім беру басқармасының алқа мәжілісінде облыстық мәслихаттың хатшысы Владимир Берковский айтты.
«Облыстың тексеріс комиссиясы мен депутаттар Павлодар қаласының 22 балабақшасын тексеріп шықты.
Әрбір балаға мемлекет тарапынан 240 мың теңге бөлінеді. Әрине, бұл үлкен сома емес шығар, дегенмен қаржы дұрыс мақсатта қолданылмай отыр. Балғындардың балабақшаға келуі 64 пайызды ғана құрайды. Бұл балабақшалардағы әрбір үшінші орын жыл бойы бос тұрғанын білдіреді. Сондықтан бүлдіршіндер мектепалды дайындықпен толық көлемде қамтылмай отырған болса да, қаржы толық игерілген. Оның айтуынша, бүгінде жолдама алуға кезекке тұрғандардың қатары қалың. Бұған қоса, бес балабақшада жүзу бассейні бар болғанмен, оның біреуі ғана жұмыс істейді. Мәселен, №101 балабақшада жүзу бойынша жаттықтырушының жоқтығына байланысты бассейннің жұмысы тоқтап тұр. Осыған байланысты балалар дұрыс бармайтын мектепке дейінгі мекемелердің меңгерушілерінің еңбекақысын қысқарту туралы ұсыныс жасалған», – деді Владимир Берковский.
Мұндай жағдайдың шынымен де орын алғанын облыстық білім беру басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы да растады. Сондықтан балабақшаларға жолдама беруде ашықтықты қамтамасыз ету және балғындардың балабақшаға баруын бақылау мақсатында Smart Pavlodar пилоттық жобасы қолға алынып отыр.
«Аталмыш бағдарлама облыс орталығында жеті мектепке дейінгі мекемеде енгізіледі. Нәтижесінде бірінші кезекте камералық бақылау жүзеге асырылады және күн сайын есеп берудің қажеті болмайды», – деді Дінислам Болатханұлы.
Десе де, аймақ басшысы мұндай жаңашылдық арқылы жағдайды күрделендірудің қажеті жоқ екенін атап өтті.
«Ауқатты отбасының балалары таңертең ағылшын тіліне, түстен кейін тағы да басқа қосымша дайындыққа барады. Егер де бала ауырмаған болса, тізімнен шығарып тастаңыздар. Smart Pavlodar жобасының қажеті жоқ. 1 қаңтардан бастап кезекте тұрғандарды шақырыңыздар және бұл облыс бойынша барлық мектепке дейінгі мекемелерге қатысты», – деген Болат Бақауов орынбасары Мейрам Бегентаевқа 2018 жылдың қаңтар айынан бастап тізім құрастыруды тапсырды.
Оқи отырыңыз:
Көкшетауда трактор соғып мүгедек болып қалған ер адам өтемақы ала алмай жүр
Көкшетауда 4 баланың анасы үйін жынойнаққа айналдырып, балаларын тастап кетті
Қарағандыда немересін бауыздап өлтірген кісінің туыстары оның бостандыққа шыққанын қалайды
Павлодарда моншаға барған жасөспірімдер ауруханадан бір-ақ шықты