Павлодарлық жеті жасар Інжудің ата-анасы қыздарының еміне көмек сұрайды
Павлодарлық жеті жасар қыздың еміне қаржылай көмек қажет. Десмоидты фиброматоз диагнозы қойылған Інжудің ата-анасы жұрттан жәрдем сұрауға мәжбүр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап.
Кішкентайлары жүруден қалып, күн өткен сайын аяғындағы ісігі қайта өсе бастаған. Енді сәбиін Түркияға емдетуге әкеткен тұрмысы төмен отбасы шетелдік мамандар сұраған қаржыны таба алмай отыр.
Жеті жастан енді асқан Інжуді анасы ай-күні жетіп босанған. Бірақ дүниеге келген соң сол аяғында қатерлі ісік анықталыпты. Бастапқыда отандық дәрігерлер екі жыл бойына нақты диагнозын таппай, ота жасалса сал болып қалу қаупі бар екенін айтқан. Ал күн өткен сайын Інжудің аяғындағы ісік үлкейіп, жүру қиынға соққан. Ауруының дауасын елімізден таппаған Жангүл қызын былтыр ғана Түркияға емдетуге әкеткен. Ыстанбұлда ота жасалып, жарты келі ісікті алып тастаған. Алайда араға уақыт салып, қауіпті дерт қайта пайда болыпты. Енді оны толық жоюға бір жыл бойына химиятерапия алу керек. Құны 14 жарым мың доллар. Қазір қолында небәрі 4 мыңға жуық доллары ғана жиналған қарапайым отбасы қалған қаражатты табуға қауқарсыз.
“Біз туыстардың және халықтың жиналған қаржысының арқасында Түркияда ота жасатқанбыз. Мұндағы дәрігерлер қызымның аяғын сақтап қала алды. Алайда одан кейінгі қажетті ем-домын жалғастырмасақ, ісік қайта пайда боп, жағдайы ауырлауы мүмкін. Химиотерапияны бір жылға деп отыр. Ай сайын 1300 долллардан төлегенде 14 жарым мың доллар қажет. Баламның аяғын сақтап қалуыма көмектесулеріңізді сұраймын”, – дейді қыздың анасы Жангүл Жұманова.
Қыздың ата-анасы жомарт жандардан көмек сұрауда. Көмек қолын созам деушілер төменде көрсетілген телефон нөміріне хабарласуға болады. Әйтпесе бүлдіршін бір аяғынан айрылып, мүгедек боп қалуы ықтимал.
8 705 153 5252

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
