Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарлық әйелдің денесінен 19 литр болатын үлкен ісік алып тасталды

Павлодар қаласының тұрғынынан 19 литр сұйықтықтан тұратын ісік сәтті түрде алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: healthcare.gov.kz

Операция Павлодар облыстық Г.Сұлтанов атындағы аурухананың гинекологтары тарапынан жүргізілді. 

55 жастағы науқас жоспарлы операция үшін ауруханаға жіберілген болатын. Операция 2,5 сағатқа созылып, 19 литр сұйықтық алып тасталды.

Операциядан кейінгі кезең асқынусыз өтіп жатыр. Науқастың жағдайы тұрақты. Ол ауруханада тағы бір аптадай болады деп болжанып отыр. Содан кейін бақылау талдауларынан кейін дәрігерлер оны шығару туралы шешім қабылдайды. 

Аурухананың медициналық ұжымы операцияның жоғары білікті мамандар мен заманауи жабдықтардың арқасында мүмкін болғанын атап өтті.



Еске салайық, бұған дейін Алматыда қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының дәрігерлері науқас әйелдің ішінен салмағы 30 келі қатерлі ісікті алып тастады. Онкогинекологтар тобы бұрын-соңды болмаған ота жасады. 65 жастағы әйел іші ауырып, ісіп кеткенін айтып, ауруханаға келген. Дәрігерлердің айтуынша, науқас алғаш рет 2023 жылы ішінің төменгі жағы ауыратынын айтып келген. 2024 жылы маусым айынан бастап әйелдің іші ісініп, жүруі қиындай түсті. Іш қуысының компьютерлік томографиясын түсіргенде жамбас сүйегінен үлкен ісік анықталды. 

Талқылау