Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарлық дәрігер ұшақ бортында әйелдің өмірін сақтап қалды (видео)

Павлодарлық дәрігер Ташкент-Астана бағытындағы ұшақ бортында әйелдің өмірін сақтап қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скрин

29 желтоқсанда Ташкент-Астана ұшағында жолаушылардың бірінің жағдайы нашарлаған. Жолаушылардың бірі павлодарлық дәрігер, анестезиолог және реаниматолог Мұрат Сүлейменов әйелдің өмірін құтқарып қалды.

"Ташкенттен Астанаға ұшып бара жатқан Өзбекстан авиакомпаниясының ұшағында жолаушылардың бірі кенеттен ауырып қалған. Ұшқыш ұшақты жарты жолда бұрып, Ташкентке қайтуға шешім қабылдады", – делінген видеоның сипаттамасында.

Оқиғаның куәгерлері әлеуметтік желіде видео жариялады.

Оқиға куәгерлері дәрігердің әйелді бір сағаттай бақылауда ұстап, қажетті медициналық көмек көрсеткенін атап өтті.

Денсаулық сақтау министрлігі Мұрат Сүлейменовтің Павлодар теміржол ауруханасында анестезиолог болып жұмыс істейтінін, біліктілігі жоғары санатты және 28 жыл еңбек өтілі бар екенін атап өтті.

Еске салсақ, бұған дейін Оңтүстік Кореяда ұшақ апаты болғаны айтылды. Апаттан 179 адамның мерт болғанын жазған едік.

Талқылау