Павлодардағы саяжайдан ерлі-зайыптылардың өлі денесі табылды
Павлодардағы саяжай массивінің аумағында зорлық-зомбылық белгілері бар ерлі-зайыптылардың өлі денесі табылды.
Жантүршігерлік оқиға туралы Instagram желісіндегі @ vpavlodare.kz қауымдастығының қолдаушылары хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Кейін Павлодар облысының ІІД-нің баспасөз қызметі екі адамның өлтірілгені туралы ақпаратты растады.
«Ағымдағы жылдың 16 наурызында Павлодар қаласындағы «Көктем» саяжайының ауласынан зорлық-зомбылық белгілері бар 28 жастағы ер адам мен 37 жастағы әйелдің өлі денесі табылды. Тергеу және жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында қылмыстық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады. Ауыр қылмыс жасады деп 17 жастағы жігіт ұсталды», – делінген хабарламада.
Осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлімінің 1-тармағына сәйкес (екі немесе одан да көп адамды өлтіру) тергеу жүргізілуде. Қылмыстық іс бойынша сараптама тағайындалды. Соттың бұйрығымен 17 жастағы күдікті қамауға алынды.
Осы бапта көрсетілген бұйрықта 15 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.
Жіберіп алмаңыз:
Павлодарда пойыз қағып кеткен 12 жасар бала аман қалды
Петропавлда мерекелік декорация жас қыздың үстіне құлады
ОҚО-да өз ұлын пышақтап өлтірген 85 жастағы зейнеткерге қарсы қылмыстық іс қозғалды