Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодардағы мектептен өрт шықты

Павлодар қаласындағы "Заманауи мектеп" бағдарламасы бойынша жөндеу жұмыстары жүріп жатқан №7 мектептен өрт шықты, деп мәлімдеді Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Айдана Жакупова. Бұл жайында Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

павлодар

Бес қабатты мектеп ғимаратының жертөлесіндегі алты шаршы метр аумақтағы ескі жиһаз жанып кеткен. Қазіргі таңда өрт ауыздықталды, зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Оқиға орнына тоғыз көлікпен 29 өрт сөндіруші мен Павлодар облысының төтенше жағдайларға арналған сынақ өрт зертханасы келген.



"Өрттің шығу себебі – мердігердің дәнекерлеу жұмыстары кезінде қауіпсіздікті сақтамауы. Оны өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК -нің 410 бабы бойынша жауапкершілікке тарту мәселесі шешілуде", – деді Павлодар қаласының төтенше жағдайлар бөлімі бастығының орынбасары Тілекжан Ғалямов.

Талқылау