Павлодарда зорланған мектеп оқушысына қазақстандықтар пәтер алып берді
Қазақстандықтар Павлодарда зорланған оқушы қызға пәтер сатып алуға көмектесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "НеМолчи" қорына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: rus.bashgazet.ru
"Ксюша мен әпкесі қазір жеке баспанаға ие болды. Көмектеріңіз бен әділ жаза тағайындағандарыңыз үшін рахмет", – деді "НеМолчи" қоры.
Ксения – павлодарлық Жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушісі. 2022 жылы 16 жастағы мектеп оқушысын жас жігіт қасында екі досымен бірге зорлаған. Қыз зорлықтан құтылу үшін оныншы қабаттың терезесінен секіріп кеткен. Кейін Ксенияға бірнеше ота жасалды.
19 жастағы Павлодар тұрғыны 15 жыл алты айға бас бостандығынан айырылды. Тағы екі сыбайласы қылмыс туралы хабарламағаны үшін төрт жылға сотталды.
"Сотталғандар моральдық шығынды ішінара төледі. Ал сіздердің қайырымдылықтарыңыздың арқасында ол пәтерлі болды", – деді қор.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”