Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда жұмысшылар жапырақтардың үстіне асфальт төсеген

Павлодарда құлаған жапырақтарға асфальт төсеген мердігер компанияға абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қаладағы тұрғын үйлердің бірінің ауласында жолшылар жапырақтар жатқан тротуарға асфальт төсеген. Оқиға Естай көшесіндегі үйлердің бірінің ауласында болған. "Павлодар нанотехнологияларын" қолдану процесін куәгерлер фото және видеоға түсіріп алды, ол желіде үлкен резонанс тудырды.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by Типичный Павлодар (@tipavlo) on

Әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, асфальт төсеу жұмыстары технологиялық үдерісті бұза отырып орындалған және қайта жасалады. Павлодар қаласының әкімі Ержан Иманслямның араласуынан кейін жұмысшылар қателіктерін мойындады. Оқиға орнына барған қала басшысы жол жабынын бұзуды, ал мердігерді сот арқылы жауапқа тартуды талап етті.

Павлодар әкімдігінің ақпараты бойынша, 19 қазанда мердігер компания жапырақтардың үстіне төселген жол жабынын толығымен алып, қиыршық тас негізін тазалап, жаңа асфальт төседі.

"Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі бұрын аталған мердігер ұйым абаттандыру жұмыстарын жүргізген нысандарды тексерді. Тексеру қорытындысы бойынша мердігерге жөндеу жұмыстарынан кейін қаулықты бұзуды жою және құрылыс қалдықтарын шығару туралы бұйрық берілді. Сонымен қатар, аталған ЖШС-не жалпы сомасы 500 мың теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды", - деп хабарлады Павлодар қаласы әкімдігінің ТКШ бөлімінде.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by Павлодар қаласының әкімдігі (@akimat.pavlodar) on

Талқылау