Павлодарда жасөспірім суға батып кетті
Павлодарда суға батып кеткен колледж студентінің денесі табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 15.33-те қашықтан басқару пультіне Усолка көпірінің маңында адам суға батып бара жатқаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жедел-құтқару жасағының 5 қызметкері екі құтқару қайығымен шыққан. Сондай-ақ, төрт медициналық қызметкер, 7 полиция қызметкері және ТЖД үш қызметкері жұмылдырылған.
"Өкінішке қарай, жасөспірім құтқарушылар жеткенге дейін суға батып кетті. Іздеу жұмыстары жүргізілді. Сағат 16.06-да сүңгуірлер 2006 жылы туған студенттің денесін жағадан 20-25 метр қашықтықта, 2-3 метр тереңдіктен тапты", - деді департаменттен.
Ол үш адаммен бірге демалып, белгіленбеген жерде шомылған. Марқұм суға бата бастағанда досы оған қарай жүзіп, алып шығуға тырысқан. Жастардың айтуынша, олар алкогольді ішімдіктер ішпеген.

“Партизан болған, 400-ден астам жаралы сарбазды құтқарған”: Екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен қазақ қыздары кімдер
