Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда тоғызыншы қабаттан секірген қыз бен жігіт тірі қалды (видео)

Павлодарда Жаяу Мұса көшесінде көпқабатты тұрғын үйдің тоғызыншы қабатынан секіріп кеткен қыз бен жігіт ажал аузынан аман қалды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

0_4e78b_8a251012_orig

ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Типичный Павлодар» қауымдастығына қол ұстасқан екі адамның дүкеннің шатырына құлаған сәті түсірілген видео пайда болды.

Бұл оқиға жөнінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлан Қасымовтың айтуынша, қазіргі таңда зардап шеккендер № 1 қалалық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.

«Түрлі жарақат алған жастардың жағдайы өте ауыр. Қыздың жасы 20-да болса, жігіт 26 жаста», – дейді Қаукенов.

Олардың бұл әрекетке неліктен барғаны туралы әзірге белгісіз.

Талқылау