Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда сүт өндіретін зауыттан өрт шықты

Павлодар облысындағы сүт зауытында өрт Фото: ТЖМ кадрларынан скрин

Павлодардағы сүт өнімдерін шығаратын "МолКОМ-Павлодар" зауыты аумағында орналасқан екі қабатты әкімшілік ғимараттан өрт шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өрт туралы хабарлама сағат 05:34-те түскен. Оқиға орнына дереу өрт сөндірушілер жетті.

Желдің күші мен қатты түтін сөндіру жұмыстарын қиындатты. Өрт жоғарылатылған дәрежеде сөндірілді. Бірнеше су бүріккіш құрал пайдаланылды. Жалын сағат 08:22-де толық ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ.



Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

"МолКОМ" зауыты – өңірдегі ең ірі сүт өңдеуші кәсіпорындардың бірі. Оқиға орнына қала әкімі Хасар Хабылбеков барып, жағдаймен танысты.

STAN.KZ
Сенбі, 05 Шілде, 2025 12:02
Талқылау