Павлодарда полицейлер өзгелерге кесірін тигізе жаздаған Аяз атадан жауап алды
Павлодарда көше кезген Аяз ата заңға қайшы әрекеттерімен полицейлердің назарына түсіп қалды.
Аяз ата бағдаршамның қызыл түсіне тоқтап тұрған көлік жүргізушілерінен жүруін сұраған. Облыстық ІІД-нің баспасөз хатшысы Баян Мағзұмованың мәліметінше, кейіпкер осылайша жүргізушілерді апатты жағдайға итермелеген. Полицейлер Аяз ата болып киінген адамнан жауап алды, деп жазылған Инстаграм желісінің tipavlo парақшасында.
Аяз ата кейпінде 72 жастағы әжей екені анықталды. Күдікке түскен жаңа жыл кейіпкері егде жастағы кеуйана болғандықта жауапқа тартылған жоқ.
Тағы да оқыңыз:
Ақтөбеде 63 жастағы зейнеткер жыныстық қатынастан жұқпалы ауру жұқтырған
Талқылау