Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда өгей қызын зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Фото: Pixabay.com

Павлодар қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты өгей қызын зорлап келген ер адамға үкім шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

14 тамызда Павлодар облысында “Зорлау, яғни жәбірленушіге күш қолдану қатерін төндіріп, дәрменсіз күйін пайдаланып, жас балаға қатысты бірнеше рет жыныстық қатынас жасау” бойынша Е-ге қатысты қылмыстық істі қарады. Істің мән-жайын заңмен жария ету мүмкін болмағандықтан, іс жабық сот отырысында қаралды.

“Сотталушының кінәсі жәбірленушінің айғақтарымен, куәләрдің айғақтарымен, сот сараптамаларының қорытындыларымен және сотта зерттелген басқа да дәлелдемелермен дәлелденді. Сотталушымен жасалған қылмыс аса ауыр қылмыстар санатына жатады және тек өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын ғана қарастырады”, – делінген хабарламада.


"Үйде ешкім жоқ кезде тиіскен": Ақтөбе облысында жиенін жылдар бойы зорлап келген екі ағайынды өмір бойына сотталды


Қазақстанда оқушы қызды зорлаған мұғалім өмір бойына бас бостандығынан айырылды


Қазақстанда 12 жастағы қыз өгей әкесіне ренжіп өзін зорлады деп жала жапқан: Енді анасы жазықсыз күйеуін түрмеден босата алмай жүр


Істің мән-жайын және сотталушының жеке басын ескере отырып, оған қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіз мекемелерінде өтеумен өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қырмызы Скендирова
Бейсенбі, 14 Тамыз, 2025 14:25
Талқылау