Басты жаңалықтар
Павлодарда мас жүргізуші зейнеткерді қағып, өлтіріп кетті
Мас жүргізуші өз көлігімен зейнеткерді қағып, оқиға болған жерден ізін суытқан. Зейнеткер сол жерде көз жұмған.
27 жастағы BMW маркілі көліктің жүргізушісі мас күйінде Лермонтов көшесімен келе жатып, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамас етпей, көлік ағынын бөліп тұратын сызықта тұрған 78 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетеді. Қарт сол жерде көз жұмады.
Көлік жүрізушісі жол-көлік оқиғасы өзінің кесірен болғаны біле тұрса да апат болған жерден жасырынады. Артынан BMW маркілі көлігі Короленко мен Лермонтов көшелерінің қиылысында ВАЗ-2172 маркілі көлікпен соқтығысып, сол жерден ұсталады.
Күдіктіге ҚК ҚР 345 баптың 3 бөлімі және ҚР ҚК 347 баптың (жол-көлік апаты болған жерден кету) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Сот күдіктіні қамауға алды.
Талқылау

“Партизан болған, 400-ден астам жаралы сарбазды құтқарған”: Екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен қазақ қыздары кімдер
Әлия мен Мәншүк "Кеңес Одағының батыры", Хиуаз Доспанова "Халық қаһарманы атанды. Бірақ есімі еленбеген, ерлік танытқан қыздарымыз көп

"Жеті жыл күттім": Алматылық жас жігіт 53 жастағы әйелдің жүрегін алғаннан кейін өмірі қалай өзгергенін айтты
Рецепиент Данияр 10 жасына келгенде ауруы асқынып, оттегі баллонын қолдануға мәжбүр болған