Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда мас ер адам кранды ұрлап, 5 көлікті зақымдады

Павлодарда мас ер адам кранды ұрлап, полициядан қашып кетпек болған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

кран

Полиция мәліметінше кран жүргізушісі заңды талаптарын елемей, қозғалысын жалғастырды. Салдарынан бірнеше апат жасап, патрульдік полицияның 4 қызметтік көлігі мен Toyota Avalon зардап шекті. Содан кейін Кіші айналма көшесінде автокөлікті басқара алмай аударылып қалған.

“1999 жылы туған жүргізуші, Павлодар қаласының тұрғыны. Медициналық куәландыру оның мас күйінде болғанын растады.  Жүргізушінің көлікті ұрлағаны анықталды, жүргізуші куәлігі болмаған. ҚР ҚК 200-бабының 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешілуде. 

Қазіргі таңда Павлодар облысының полиция департаментінің қызметтік автокөліктеріне келтірілген материалдық залалды өтеу туралы азаматтық тәртіпте сотқа жүгінуді жоспарлап отыр. 

Талқылау