AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда күйеуі әйелін 28 рет пышақтап өлтірді

Ерекше қатыгездікпен әйелін өлтірген Павлодар тұрғыны 15 жылға сотталды. Әйел қылмыс орнында көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қарағандыда егізін пышақтап өлтірген 21 жастағы жігіт сотталды

Айыпталушы мен оның жұбайының арасында ажырасу рәсіміне байланысты жанжал туындаған. Пәтерде ер адам әйеліне 28 рет пышақ жарақатын салып, соның салдарынан ол қылмыс орнында қайтыс болды.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты аса қатыгездікпен кісі өлтіргені үшін үкім шығарды. Қылмыскердің кінәсі куәгерлердің, жәбірленушілердің айғақтарының, сараптамалардың және басқа да деректердің көмегімен дәлелденді.

Соттың хабарлауынша, прокурор сотталушыны 15 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Айыпталушы мен оның қорғаушысы "ерекше қатыгездік" белгісін алып тастауды және әрекеттерді баптың 1-бөлігіне қайта саралауды сұрады. 

“Жеңілдететін мән-жайларды, асырауында кәмелетке толмаған баланың болуын, кінәсін ішінара мойындауын есепке ала отырып сот ер адамды 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Жазасын қатаң режимдегі түзеу мекемесінде өтеу туралы үкім шығарды”, – деді Павлодар облысы бойынша БЖСМ баспасөз қызметі.

Нәтижесінде жәбірленушілердің талаптары толық көлемде қанағаттандырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.


"КСРО мәжбүрлеп енгізген елді мекен атауларынан құтылу керек": Дипломат қала атауларына қатысты ұсыныс білдірді

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр