Павлодарда көшеден өтіп бара жатқан 24 жастағы жігіт үш баланы өрттен құтқарып қалды
Павлодар облысында жекеменшік үйден өрт шығып, жас жігіт үш кішкентай қызды құтқарып алды.
№ 11 өрт сөндіру бөлімінен сегіз шақырым қашықтықта Космонавтар көшесі, 22 мекенжайы бойынша орналасқан екі бөлмелі үй толығымен отқа оранған. Шлактан құйылған 70 шаршы метр үйдің төбесі толығымен опырылып түскен, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Абырой болғанда, сол жерден өтіп бара жатқан 24 жастағы ер адам дер кезінде үш баланы сыртқа алып шыққан, – делінген облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметінің ведомствосында.
Департамент ұсынған мәліметке сүйенсек, 2013, 2015 және 2017 жылы туған қыздар үшінші дәрежелі ысты газбен улану диагнозымен Ақсу қаласының ауруханасына жеткізілген. Тілсіз жаудың орын алғаны туралы куәгер хабарлаған. Оқиға орнына жеке құрамнан бес адам мен екі техника шығып, толығымен сөндірілген.
Өрт шыққан кезде балалардың әкесі жұмыста, анасы дүкенге шығып кеткен. Алдын ала болжам бойынша мұндай жағдайдың орын алуына балалардың тентектігі себеп болған. Үш баланы ажалдан аман алып қалған жігіт облыстық ТЖД тарапынан марапатқа ұсынылған.
Тағы да оқыңыз:
Атышулы Замира: Жігітім жоқ, бар болса екіқабат болып баяғыда байға тиіп алар едім
Полторанин медаль алады деп бәстесіп жеңіліп қалған бапкері жалақысының бәрін мемлекетке қайтармақ
Науқас қызға бүйрегін берген Оралдық жігіт жұмысқа орналаса алмай жүр