Павлодарда қайнаған су толы шұңқырға құлап кеткен зейнеткердің жағдайы белгілі болды
Жылу трассасындағы апат салдарынан қайнаған су толы шұңқырға құлап кеткен Павлодар тұрғыны жансақтау бөлімінен күйік бөліміне ауыстырылды. Осы уақытта полиция ТЖ фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "КТК" арнасына сілтеме жасап.
63 жастағы жәбірленушінің жағдайы әлі де ауыр. Оның қолы мен аяғы қатты күйген.
Оқиға бірнеше күн бұрын болды. Зейнеткер абайсызда ыстық су құбырларын жөндеу жұмыстары жүргізілген жердегі шұңқырға түсіп кеткен. Сол кезде жарылған құбырдағы судың температурасы жүз градусқа жетті. Полиция бұл оқиғаға кімнің кінәлі екенін анықтауға ниетті.
"Қала тұрғыны күйік шалып, ауруханаға жеткізілді. Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 277-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды, тергеу жүргізілуде", - деді Павлодар облысы ПД баспасөз хатшысы Жанна Белялова.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”