Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда футбол жаттықтырушысы 10 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінді

Павлодар тұрғыны жасөспірім қызға зорлық көрсетті деген күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Kerek.pv Telegram арнасында павлодарлық ер адамдың бала зорлағаны туралы ақпарат тарады. Күдіктінің футбол бапкері екені белгілі болды. Ер адам 10 жасар қызды зорлап, оған тиіскен. Полиция күдіктінің ұсталғаны туралы ақпаратты растады.


"Менің өліміме Стас ағай кінәлі”: Алматыда 12 жасар жасөспірім бокс жаттықтырушысы қысымынан соң өз-өзіне қол жұмсамақ болған


"Кәмелетке толмағанға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасады деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, Павлодар қалалық ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деп түсіндірді Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тергеу барысы Павлодар облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында екені атап өтілді.

Еске салсақ, бұған дейін Талдықорғанда жауынгерлік самбодан аға жаттықтырушы жасөспірім баланы зорлады деген күдікпен ұсталған еді. 

Талқылау