Талдықорғанда жаттықтырушы жасөспірімді зорлады деген күдікпен ұсталды
Талдықорғанда Жетісу облысының жауынгерлік самбодан 25 жастағы аға жаттықтырушысы, жасөспірімдер спорт мектебінің қызметкері Қадыр Теңбаев 14 жастағы жасөспірімге сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасады деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото ашық дереккөзден
Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті баланың жаттықтырушысы болған.
"Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 121-бабы (Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", – делінген полиция хабарламасында.
Істің тергеу барысы облыстық полиция департаментінің ерекше бақылауында.
“Ішім созылып, әбіржігім келмейді": Қазақстандық қыздар неге бала туудан бас тартып жатыр
Қазақстанда бес жылда туған балалар саны 25 пайызға азайған
Қазақстанда жекеменшік мектептер мен балабақшаларға жаңа салық енгізілді: Қызмет бағасы қымбаттай ма
Заңгердің пікірінше, 2026 жылы енгізілген 5%-дық мөлшерлеме бизнес үшін бейімделу кезеңі саналады