Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда Fix Price дүкендер желісінің иесі 6 миллион теңге заңсыз айыппұл арқалады

Павлодарда болмаған заң бұзушылықтар үшін бірнеше инвестор заңсыз әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: 2Gis

Облыстағы Fix Price дүкендер желісінің иесіне 6 миллион теңге заңсыз айыппұл салынды.

“Белгілі Fix Price дүкендер желісінің иесіне Павлодар қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мүлдем жоқ ереже бұзғаны үшін, атап айтқанда тауар туралы мемлекеттік тілде ақпараттың жоқтығы үшін айыппұл салды. Бұрын дәл осы факті бойынша іс қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылған еді”, – деп мәлімдеді Павлодар прокуратурасы. 

Осылайша прокуратура айыппұлдың күшін жойды.

Тағы бір жағдайда экология департаменті инвесторды мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы жоқ екенін айтып, әкімшілік жауапкершілікке тарқан. Бірақ сараптама қорытындысы шын мәнінде болған.



Сонымен қатар тексеру нәтижелері туралы есепте экологиялық заңнамаға қайшы келетін талаптар бар болып шықты. Қазірдің өзінде заңсыз әрекеттер мен тексеру нәтижесі жойылды. Ал кәсіпкерлердің құқығы қалпына келтіріліп, кінәлілердің жауапкершілігі мәселесі көтерілді.

Бұған дейін Ақтауда жылжымалы хайуанаттар бағының иесіне айыппұл салынған еді.

Талқылау