Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда есірткі зертханасын тінту кезінде 170 келі мефедрон тәркіленді (видео)

2024 жылы 11 мамырда Павлодар қаласында 170 келіден астам мефедрон тәркіленді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Синтетикалық есірткілердің ірі жасырын өндірісін жою бойынша операцияны Ұлттық қауіпсіздік комитеті "Бүркіт" арнайы күштер бөлімшесі және прокуратура органдарыны жүргізді. 

Аталған қылмысты жасады деген күдікпен Қазақстан азаматы мен үш шетелдік ұсталды. Олар соттың санкциясымен қамауға алынды. Саяжай алабындағы үйді тінту кезінде 170 келіден астам "мефедрон", 2 тонна прекурсорлар, сондай-ақ зертханалық жабдықтар табылды және тәркіленді.



“Қара нарықта" алынған есірткінің құны – 4,2 миллиард теңге. Ал көлемі 680 мың дозадан асады. Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, өзге ақпарат жарияланбайды”, – делінген хабарламада. 

23 сәуір күні кешке Алматы халықаралық әуежайының ішкі рейстерді жөнелту аймағында полиция Air Astana әуе компаниясының екінші ұшқышы Қазыбек Әнуарбековті ұстағаны туралы жазған едік. Тергеушілердің мәліметінше, 31 жастағы ер адам мефедрон қолданып сақтаған. 

Талқылау