Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда ер адам трамвайды жөндеймін деп, вагондардың ортасына қысылып қалды

Павлодар қаласында 46 жастағы ер адам екі вагонның ортасына қысылып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті. 

"6 қазан 14:00 де Ломоносов пен Назарбаев көшелерінің қиылысында бұзылып қалған вагонды жөндемек болған 46 жастағы ер адам екі вагонның ортасына қысылып қалған. Ол ауыр жарақат алып, ауруханаға жатқызылды, жағдайы тұрақты", - дейді баспасөз қызметі. 

Еске салсақ, осыған дейін Жамбыл облысында бензині бар вагон өртенгені туралы жазған болатынбыз. 

STAN.KZ
Бейсенбі, 08 Қазан, 2020 10:03
Талқылау