Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда ер адам маршрут таксиге оқ атты

Павлодарда маршрут таксиге пневматикалық қарумен оқ атқан ер адам ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

қару

6 қыркүйек күні сағат таңғы 08:40 шамасында кезекші полиция бөлімшесіне Малайсары көшесінде №153 такси көлігіне белгісіз біреудің оқ атқаны туралы хабарлама келіп түскен. 

Зардап шеккендер жоқ. Полиция қызметкерлері бұзақыны ұстады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

«32 жастағы павлодарлық пәтерінің терезесінен пневматикалық қарумен көшеде кетіп бара жатқан №153 такси көлігіне оқ атқан. Қару тәркіленді. Тексеру жұмыстары жүргізілуде», – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Талқылау