Павлодарда екі бойжеткен сынған телефон үшін төбелесті (видео)

Павлодар қаласында мектеп жасындағы екі қыз смартфон үшін төбелесті. Оларды айнала қоршаған өзге жеткіншектер араша түскен жоқ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Сзади дома Кутузова 285 жестокая драка между подростками. Скажем так бои даже. Одни устраивают драку. Остальные «болеют» и снимают на видео! Беспредел! Может родители узнают своих детей с Дачного!! Почему такие жестокие дети пошли??? И потом идут и смотрят в телефоне как они дрались на камеру!!!! Какое будущее ждёт наших детей??? _______ Подробнее в Телеграме ссылка в БИО #жалобыпавлодар #zhaloby_pavlodar #pavlodar #павлодаржалобы #отзывыпавлодар #акиматпавлодар #акиматпавлодара #жкхпавлодар #жкхпавлодара #zhaloby_pavlodar 📩Если Вы стали участником или очевидцем проишествия, поделитесь информацией, отправляйте в директ. _____ Не терпи, расскажи ______ @zhaloby_pavlodar

Публикация от ПАВЛОДАР ЖАЛОБЫ (@zhaloby_pavlodar)

Инстаграмға түсірілген видеодан оқушылардың алдымен бірін-бірі тепкенін, содан кейін біреуінің үстіне екіншісі отырып алып, оның қолымен ұрып-соққанын байқауға болады. Шамамен он шақты құрбы айқасты көріп, кейбіреулері видеоға түсіріп жүрді. Сонымен бірге, бақылаушылар төбелесушіледі ажыратуға тырыспады.

«12 және 13 жас аралығындағы қыздар арасындағы төбелес 15 мамырда Павлодарда болған. Белгілі болғандай, достар арасында жанжал олардың біреуінің ұялы телефонына байланысты болған. Бұл факт Павлодар оңтүстік полиция басқармасында тіркелген», - деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.

Департамент жанжалға қатысушылар мен оны көргендер карантин режимін бұзғанын атап өтті.

«Облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің кәмелетке толмағандардың ата-аналарына, төбелеске қатысқандарға және жанындағы жеткіншектерге қатысты карантин кезеңінде кәмелетке толмағандардың үйден ересектерсіз шығуына жол бермеу туралы қаулысының бұзылуына байланысты материал сапа және қауіпсіздік департаментіне жіберіледі», - деп толықтырды аймақтық филиал.

Полицияның мәліметінше, жасөспірімдердің ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

«Заңды өкілдерге қатысты КРКОАП-тің 127-бабы «Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін оқыту және қорғау бойынша міндеттемелерді орындамау» бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материалдар сотқа жіберіледі. Полиция қоғамдық тәртіпті тоқтатудың орнына оқиғаны видеоға түсірген қала тұрғынының әрекеттерін де айыптайды», - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр