Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда анасы терезеден лақтырып жіберіп, тірі қалған баланың жағдайы белгілі болды

Фото: Pixabay.com

Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасы анасы терезеден лақтырып жіберген баланың жағдайы туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

30 шілде ана екі баланы лақтырып, біреуі мерт болған еді. Тірі қалған науқас травматология бөлімінде ем қабылдап жатыр.

"Ол жамбас сүйегінің сынуына байланысты қатаң төсек режимінде. Жағдайы орташа ауырлықта, тұрақты. Баланы туысы қарап жатыр", – деп хабарлады ведомстводан.


"Жүрегі тоқтап қалған, бүйрегін алып тастаған": Павлодарда анасы терезеден лақтырып жіберген балалардың жағдайы белгілі болды


Павлодарда анасы терезеден лақтырып жіберген баланың бірі қайтыс болды


Ведомствода ананың жағдайы орташа ауыр деп бағаланатынын айтты. 1 тамызда ол көптеген жарақаттар бөліміне ауыстырылды.

Еске салсақ, 30 шілдеде Павлодарда жантүршігерлік жағдай болды – 34 жастар шамасындағы әйел екі баласын терезеден лақтырып, артынан өзі секіріп кеткен. Полиция департаменті зардап шеккендер подъездің қалқалағышына құлағанын мәлімдеді. Алдын ала мәліметтер бойынша, әйел арнайы медициналық мекемеде тіркеуде тұрған. Қазір оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

Қырмызы Скендирова
Сейсенбі, 05 Тамыз, 2025 16:36
Талқылау