Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда алаяққа алданған 10-нан астам адам баспанасыз қалды

Павлодарда 10-нан астам адамды баспанасыз қалдырған алаяқ ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Астана телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: freepik.com

Ол көбіне мүмкіндігі шектеулі жандарды алдап келген. Тұрғындардың пәтерін сатып ақшасын қалтасына басқан. Ол өзінің жымысқа әрекетін 3 жыл бойы жүзеге асырып келіпті. Қазір полиция алаяқтық жасады деген күдіктіге қылмыстық іс қозғады.

“Қазіргі уақытта ірі көлемдегі алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Полицияда 10-нан астам эпизод тіркелген. Күдікті қамауға алынды”, – деді облыстық ПД бастығының орынбасары Асхат Әбетжанов.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда ер адамның такси жүргізушілерін алдаудың жаңа жолын ойлап тапқаны туралы жазған едік. 

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 27 Ақпан, 2024 19:32
Талқылау