Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда ағалы-қарындасты зорлаған екі тұрғын ұзақ мерзімге сотталды

Павлодарда ағалы-қарындасты зорлаған екі тұрғын ұзақ мерзімге сотталдыФото: depositphotos.com

Павлодарда кәмелетке толмаған ағалы-қарындасқа зорлық-зомбылық көрсеткен екі тұрғын сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Олардың бірі 22 жылға, екіншісі 15 жылға бас бостандығынан айырылды.

Майқайын ауылында тұратын кәмелетке толмаған ағалы-қарындасқа жасалған зорлық-зомбылық әрекетіне қатысты қылмыстық іс аяқталды. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта айыптау үкімінің қарар бөлігі жарияланды.

"Істің барлық материалдарын қарап, зерделей келе, сот айыпталушылардың кінәсі толық дәлелденген деген тұжырымға келді. Кінәні растайтын айғақтар күмән тудырмайды, сараптама нәтижелері де соны көрсетіп отыр. Қылмыс үшін тағайындалған жаза заң талаптарына сәйкес келеді", – делінген сот шешімінде.

Іс жабық тәртіпте қаралды, алайда журналистерге сот актісінің қарар бөлігін жариялауға рұқсат берілді.

Белгілі болғандай, 2018 жылы сотталғандардың бірі ең алдымен қарындасын зорлаған. Ол кезде қыз 10 жаста болған, ал қылмыс жасаған жігіт кәмелетке толмаған еді. Балаға жасалған зорлық оқиғасы мұнымен шектелмей, кейін ағасы да жәбір көрген.


Павлодарда өгей қызын зорлаған ер адам өмір бойына сотталды


Қылмыстар туралы 2024 жылдың қарашасында белгілі болды. Ол кезде қыз 15 жасқа толып, колледжде оқып жүрген. 

2002 және 2001 жылы туған айыпталушылар Қылмыстық кодекстің бірнеше ауыр бабы бойынша, соның ішінде еркекпен еркектің жыныстық қатынасы, зорлау, сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері үшін кінәлі деп танылды.

“Сот жазаны жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, Г-ге 22 жылға, ал Ө-ге 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Жәбірленушілер өкілінің моральдық шығынды өндіру туралы талап қоюы толығымен қанағаттандырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ”, – делінген Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық сотының хабарламасында.

Жазасын олар орташа қауіпсіздік колониясында өтейді, сондай-ақ әр сотталушы жәбірленушілерге моральдық шығын ретінде бір миллион теңге төлеуі тиіс.

Еске салсақ, осыған дейін Павлодар облысында ересек ер адам жасөспірім қызды зорлағаны туралы жазғанбыз. 

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 22 Қыркүйек, 2025 19:08
Талқылау