Павлодарда 42 жастағы ер адам көпірден секіріп кетті
Екібастұз қаласының тұрғыны, екі баланың әкесі Павлодарда көпірден секіріп кетті.
Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлайды.
«Клуб добряков Павлодара» еріктілерінің айтуынша, оларға Қайдар Данкиннің жұбайы көмек сұрап жүгінген. Ер адам демалыс күндері әйелімен және 7, 12 жастағы қыздарымен келген. Отбасын жібергеннен кейін өзі облыс орталығында қалып қойған.
Оның мұндай қадамға қандай себеппен барғаны белгісіз. Еріктілердің сөзіне сүйенсек, 15-тамыз күні күзетші Қайдар Данкиннің Ертіске секірген. Алайда ол жүз метрдей қашықтықты жүзіп өткеннен кейін көзден ғайып болған.
Құжаттарын көпірде тастап кеткен. Өңірлік ІІД-де аталмыш факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын айтады. Еске сала кетейік, еріктілер 37 күннен кейін денесі табылған 17 жастағы Рания есімді бойжеткенді іздеу шараларына белсенді қатысқан.
Оқи отырыңыз:
Астанада үш ер адам 32 жастағы азаматты зорлап кеткен
Оңтүстік Қазақстанда үйлену тойында атыс болып екі адам жараланды
Қостанайда көлік қаққан жас қыздың денесі бөлшектеніп кеткен