Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Павлодарда 4 қыздың өмірін жалмаған қанпезер кісі өлтіруші сотталды

Фото: pixabay.com

Екі адам өлтіру ісі үшін жазасын өтеп шыққан павлодарлық үшінші рет қылмыс жасап, түрмеге түсті. Сот айыпталушының тағы бір қылмысына қатысты үкім шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Тергеу мәліметі бойынша, 24 жастағы павлодарлық 2009 жылдың қыркүйегінде достарымен және сүйіктісімен саяжайда болған. Онда олар ішімдік ішіп, ұйықтап, таңертең тағы біраз ішіп, қалаға қайтқан. Аялдамаға 2 шақырым қалғанда жігіт пен қыздың арасында жанжал шыққан.

“Жол бойында Надя алға түсіп, бірінші жүрген. Сол сәтте жігіт одан күтуін сұрап, айғайлаған. Бойжеткен өтінішті елемей, тоқтаусыз жүріп кеткен. Жігіт оған қатты ашуланып, сүйіктісіне кішкентай тастарды лақтырған. Өзін-өзі қорғауға тырысқан Надя жүгіре жөнелген. Алайда жігіт қуып жетіп, жанжал шығарып, салдарынан екеуі қазылған шұңқырға құлаған. Шұңқыр ішінде жігіт қыздың басынан тергеу кезінде анықталмаған затпен ұрған. Алған жарақатынан бойжеткен қайтыс болған. Артынша күдікті жәбірленушіні топырақпен көміп, кетіп қалған”, – делінген сот хабарламасында. 



Оқиғаның жай-жапсары жақында ғана анықталып, жігітке қатысты "Адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

“Қылмыстық кодекстің 58-бабының 3-бөлігінің және 6-бөлігінің негізінде (Қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша жаза тағайындау) Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2024 жыл 11 шілдедегі үкімі мен осы үкім бойынша тағайындалған үкімдерді ішінара қосу арқылы қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы үшін 20 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны түпкілікті өтеу тағайындалды”, – деді судья Айнұр Юсупова.

Айта кетейік, қазір жасы 40-тан асқан ер адам 2009 жылы тағы бір қызды өлтіргені үшін жазасын өтеп жатыр.

Еске салайық, 2024 жылдың шілдесінде сот үкімі бойынша павлодарлық 18 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Ер адам оған дейін екі рет сотталған.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбе облысында жиенін 8 жыл бойы зорлап келген екі ағайынды сотталғаны туралы жазған едік. 

Жұмаділлә Нұрила
Сәрсенбі, 23 Сәуір, 2025 17:21
Талқылау