Павлодарда 38 жастағы ер адам өзін өртеп жібермек болды

Фото: Ru.freepik.com
Павлодарда “Жайлау” базарын жалға алушылардың бірі базарда өзін өртеп жібермек болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Алдын ала мәлімет бойынша, ер адамның қауіпті қадамға баруына жалға алу бағасына қатысты келіспеушілік себеп болған.
“103” пультіне қоңырау кеше күндіз түскен. Жедел жәрдемді базар қызметкерлері мен тәртіп сақшылары шақырған. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер ер адамды тексеріп, оған ауруханаға жатудың қажеті жоғын айтты. Полиция қылмыстық іс қозғады.
“Оқиға орнында полиция қызметкерлері әкімшілікпен бірлесіп жедел түрде қауіпсіздік шараларын қабылдады. Оқиғаның мән-жайы тергеу барысында анықталады. Ер адаммен құқық қорғау органдарының қызметкерлері әңгіме жүргізді. Қазір жағдай тұрақталды”, – деп мәлімдеді Павлодар облыстық полиция департаменті.
Жағдайдың егжей-тегжейі тергеу барысында анықталмақ.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан