Павлодарда 12 жастағы жасөспірім көршісі атқан от-шашудің кесірінен соқыр болып қалуы мүмкін
Павлодарда 12 жастағы Кирилл Борчанинов көршісінің кесірінен көру қабілетінен айырылуы мүмкін. Жаңа жылда жасөспірімнің бетіне көршісі аулаға орнатып қойған от-шашу тиіп, көзін зақымдаған. Алайда, көршісі бұл оқыс оқиғаға өзін кінәлі санамайды және баланың еміне көмектесуден бас тартқан. Ал ұлым соқыр болып қалады деп, шырылдап жүрген анаға полиция жеке сотқа жүгінуге кеңес берген.
Бұл туралы 31 арна хабарлады.
Ольга Борчанинова күн сайын ұлының көзіне дәрі-дәрмек тамызып отырады. Оны уақытында тамызып тұрмаса, көру қабілеті төмендеп, ауру асқынып кетеді. Соңғы бір жарым жыл бойы жасөспірім күн сайын осы емді қабылдауға мәжбүр. Оның екі көзін де жарылғыш снаряд зақымдаған. 2017 жылдың 1 қаңтарында көршілері от шашуды дұрыс орнатпай, жарылғыш снаряд баланың бетіне атылған.
Кириллге қазірдің өзінде екі ота жасалған. Бүгінде ол Новосибирскіде жасалынатын үшінші отаға дайындалып жатыр. Әрине бұл ем үшін біріншіден қаражат керек. Бірақ баланың көзінің зақымдануына кінәлі көршілері көмек көрсетуден бас тартқан.
«Мен оларға жағдайды түсіндіріп, дәрігердің жазған қағазын көрсетіп, ота кететін шығынды көрсеттім. Ол мені ақша өндіріп алғысы келген суайт деп, көмек көрсетуден үзілді-кесілді бас тартты. Бір жарым жыл бойы үнемі шайқасып келеміз»,-дейді Кириллдің анасы Ольга Борчанинова.
Оқиға орын алған кезде Кирилл 10 жаста еді. Қазір ол 12 жасқа келді. Өткен жылы ол сабақты үйде оқыған. Бірақ бетіне жарылғыш снаряд тигендіктен, оның көру қабілеті күн өткен сайын нашарлап барады.
«Мен аптасына екі сағат ғана мультфильм көре аламын. Міндетті түрде сауығып кететініме, жаңа нәрселерді көре алатыныма сенемін»,-дейді Кирилл.
Сараптама нәтижесі көрсеткендей, Кириллдің денсаулығына орташа ауырлықта зиян келген. Бұл іске қатысты тергеу бір жылға созылғанымен, кейін іс жабылған. Тәртіптік комиссияда тергеушінің әрекетсіздігі қарастырылатын болады. Ал әділеттілік іздеген Ольга жақында қалалық ІІБ-де болды. Олар кеңейтілген сараптама жүргізуге уәде берді.
«Егер сараптамада баланың денсаулығына елеулі зиян келгені анықталса, онда бұл істі ішкі істер органы аяғына дейін апарады»,-дейді Павлодар қаласы ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары Максим Әжібаев.
Тағы оқыңыз:
Қазақ қызының терезеден секіріп кетуіне Дағыстанның бұрынғы басшысының ұлы кінәлі болуы мүмкін
Шымкентте 188 адамды кімнің улағаны белгілі болды
Даниял Ахметов адам қағып өлтірген қарамағындағы шенеунік үшін кешірім сұрады
СІМ ресейлік тележурналистің Қазақстан жайлы пікіріне түсініктеме берді