Павлодар облысында әкесімен бірге тұрғысы келмейтін оқушы қыз үйінен қашып кеткен
Павлодар облысының Железин ауданынан қашып кеткен 9-сынып оқушысын туыстары үш күн бойы іздеді.
Бұл туралы pavlodarnews.кz хабарлайды.
Белгілі болғандай, 15 жастағы Сәния Коломникова Астана қаласына кетіп қалған. Бұл туралы қыздың әкесі білмеген болып шықты. Сәнияның анасы осы жылдың көктемінде ауыр дерттен көз жұмғандықтан ол әкесімен ғана қалған.
“Жаңа оқу жылында қызым оны №1 мектепке ауыстыруды сұрады. Себебі, мектеп үйге жақын. Арамызда ешқандай ұрыс болған жоқ. Сонда да, Сәния оны балалар үйіне тапсыруды өтінді. Неліктен солай айтқанын түсінбеймін. Негізі, қашуға дайындалғаны енді көрініп қалды. Өйткені, қолындағы екі телефонын сатқан және менде 10 мың теңге жоғалып кетті. Осы ақшаға ол Павлодарға дейін жетіп, таксимен Астанаға кетіп қалды”, – деді қыздың әкесі Владимир Коломников.
Такси жүргізушісі көрсетілген суреттерге қарап, қызды таныды және оны Астанаға дейін жеткізгенін мойындады.
“Сәния сабырлы қыз. Негізі қалаға баруға қорқатын. Павлодарда әйелімнің туыстары тұрады. Олармен анда-санда хабарласып тұрамыз, бірақ мекенжайларын білмейміз. Менің ойымша оған біреу көмектескен сияқты”, – деді Владимир Коломников.
Қызының жоғалып кеткені туралы өтінішті әкесі ІІД-не кеше жазған. Оқушыны әлеуметтік желілер арқылы да іздей бастаған. Десе де, Сәния кеше Астана қаласында табылды. Жақын арада ол үйіне қайтып келуі керек.
Оқи отырыңыз:
Ақтөбеде автобус жүргізушісі зорлаушыдан қызды қалай құтқарып қалғанын айтып берді
Рамзан Қадыровтың оныншы баласы өмірге келді
Арыстанбек Мұхамедиұлы студентке қырындап, пара сұрады деген шағымға жауап берді
Алматылық бойжеткен руы Ұлы жүз болмағандықтан жігітпен кездесуден бас тартқан