Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы оқ тиіп ауруханаға түсті

Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлан Қасымов аңшылықта жүріп абайсызда өзін жарақаттап алды.

1274802

Фото: pavon.kz

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Ол қаруды өз қаптамасына салып жатқан кезде, байқаусызда атылып кеткен. Оқиға 25 желтоқсан күні түстен кейін 16.00 шамасында болған. Оқыс оқиға салдарынан басқарма басшысы сол жақ иығын жарақаттап алған. Ол бір сағат ішінде ауруханаға жеткізіліп, операция жасалды.

Басқарма басшысының орынбасары Нұрлан Оразалинның айтуынша, басқарма басшысының жағдайы қазір тұрақты. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі жағдай туралы егжей-тегжейлі баяндаудан бас тартты. Облыстық ІІД аталған жағдай бойынша тексеру жүріп жатқанын мәлімдеді.

51 жастағы Нұрлан Қасымов бұл қызметте 2012 жылдың қаңтар айынан бастап отыр.

Оқи отырыңыз:

Қазақстанда ата-анасы баласын аязда көшеге тастап, соңынан өртеп жіберген

СҚО-да 12 тонна арақ тиеген жүк көлігі аударылды (видео)

Ақтауда кездейсоқ жүргіншілер алапат өрттен екі баланы құтқарып қалды

Атыраулық шопан қасқырмен айқасып 700 қойын аман алып қалды

Талқылау