Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

СҚО-да 12 тонна арақ тиеген жүк көлігі аударылды (видео)

Солтүстік Қазақстан облысында алкоголь өнімдерін тиеп келе жатқан жүк көлігі аударылған.

10772135

Фото: СҚО ІІД

Ішкі істер департаментінің анықтауы бойынша, арақ тиеген көлік Мамлют ауданы, Дубровное ауылы маңында аударылған.

“Жүргізуші MAN маркалы автокөлікті тізгіндеп келе жатқан. Мамлют-Қостанай тас жолының 49-шақырымында Дубровное ауылы маңында тіркеме ағытылып кетіп аударылады. Жүргізуші бірақ оны байқамастан әрі қарай кете берген. Тек Жамбыл ауданындағы Сенжарка ауылына келген кезде тіркеменің жоқ екенін байқап, сол сәтте өзі де шұңқырға түсіп кетеді”, – деп хабарлады ІІД.

Полицейлер ағытылып қалып кеткен көлік пен шұңқырға түсіп кеткен көлікті шығарып берген. Бірақ, қанша бөтелке алкогольдің сынғаны әзірге белгісіз.

Оқи отырыңыз:

Астанада мектепте жүрегі тоқтап көз жұмды делінген оқушыны сыныптасының ұрып өлтіргені анықталды

Қазақстанда Су-27 ұшағы апатқа ұшырады

Лаңкестік кезінде «дәретханаға тығылып қалған» қос майор сот алдында жауап беруде

Алматылық бойжеткен көлігімен полицейді қағып кетті (видео)

Талқылау