Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар облысының тұрғындарына қолмен амандасуға тыйым салынды

Павлодар облысында карантиндік шаралар тағы да күшейтілді. Жаңа қаулыға өңірдің бас санитар дәрігерінің орынбасары Зәмзәгүл Дощанова қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Құжатта эпидемияға қарсы іс-шараларды күшейтуге, соның ішінде жеке тұлғаларға қатысты маска режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтауға баса назар аударылған.

"Нысандарға барған кезде, қоғамдық көлікті пайдаланған кезде, сондай-ақ жұмыс орындарында қол алыспау, адамдар арасында кемінде екі метр әлеуметтік қашықтықты сақтау, қорғаныс маскаларын дұрыс тағуды қамтамасыз ету. Жеке гигиенаны сақтау, түшкіру және жөтел этикетін сақтау", - делінген құжатта.

Сонымен қатар, облыс тұрғындарына барлық қоғамдық орындарда медициналық немесе мата маскаларын тағу керек. Бес жасқа дейінгі балалар мен әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, саны бес адамнан аспайтын жеке, топтық спортпен шұғылданатын адамдар үшін ерекше жағдай жасалады.

Мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор органдарының, ұлттық компаниялардың, өзге де ұйымдардың, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің қызметі саласында шектеулер күшейтіледі. Әлеуметтік қашықтықты сақтау міндетті, санитарлық-дезинфекциялық режим күшейтіледі, ал қызметкерлердің кемінде 70 пайызы қашықтықта қалады. Жұмыс күндері "Азаматтарға арналған үкімет" МК " КЕАҚ филиалдарының жұмыс кестесі бір сағатқа қысқарады.

Жексенбіде қоғамдық көліктердің жұмысына тыйым салынады.

Бұқаралық іс-шараларды жабық үй-жайларда да, ойын-сауық, спорттық, отбасылық, салтанатты іс-шараларды және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды (митингілер, шерулер, жиналыстар, демонстрациялар) ашық жерлерде де өткізуге тыйым салу сақталады.

Павлодарлықтарға әлеуметтік қашықтық пен бетперде режимін сақтай отырып, бір отбасы мүшелерін қоспағанда, үш адамнан аспайтын топтармен саябақтарға, алаңдарға, скверлер мен жағалауларға баруға рұқсат етіледі.

Ойын-сауық орталықтарын, фуд-корттарды, кинотеатрларды, сауда үйлерін қоспағанда, қалааралық, ауданаралық автобус, шағын автобус жолаушылар тасымалдарының, діни объектілердің, сауда орталықтарының қызметін күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, сыйымдылығының 20 пайызынан аспайтын, жұмыс режимінің 22:00-ге дейінгі қызметіне рұқсат беру жөніндегі талаптар сақталды.

Азық-түлік емес және жабық азық-түлік базарлары мен азық-түлік емес дүкендердің жұмыс режимін, толтырылуын 20 пайыздан асырмай, сағат 18:00-ге дейін шектей отырып, азық-түлік дүкендерінің жұмыс режимін 22.00-ге дейін шектей отырып, сұлулық салондарының, шаштараздардың, спа-орталықтардың, алдын ала жазылу бойынша косметологиялық қызмет көрсететін объектілердің бір келушіге кемінде төрт шаршы метр, жұмыс кестесін 20:00-ге дейін қамтамасыз ете отырып, жұмысына рұқсат етіледі.

Бұрынғыдай алдын ала жазылу бойынша бассейндер, бір адамға су айнасының бес шаршы метрі есебінен жеке форматта, бес адамнан аспайтын жеке және топтық жаттығуларға арналған спорт кешендері, толтырылуы 30 пайыздан аспайтын және бір келушіге кемінде 5 шаршы метр аумақ, уақыты 20:00-ге дейін шектеуді қамтамасыз еткен жағдайда, алдын ала жазылу бойынша фитнес-орталықтар және  спорттық-сауықтыру орталықтары, сондай-ақ моншалар мен сауналар жұмыс істейтін болады.

Жаңа қаулы 2020 жылғы 27 қазанда 00.00-ден бастап күшіне енеді.

Еске сала кетейік, соңғы рет Павлодар облысында карантиндік шаралар 18 қазанда күшейтілді. Өңірде жексенбіде қоғамдық көлік жұмысына тыйым салынды және жұмыс күндері бірқатар мекемелердің жұмыс кестесін өзгертті.

Талқылау