Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Павлодар облысында студенттерді қорқытып, ақша бопсалап келгендер ұсталды

Фото: Видеодан скрин

Павлодар облысында студенттерді “өлтіреміз” деп қорқытып, ақша бопсалап келгендер ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Павлодар мен Екібастұз қалаларында бір топ жігіт жоғарғы оқу орындары мен колледж студенттерінен ақша бопсалап келген.

“Олар студенттерден үнемі ақша талап етіп, сыйлықтар алғызған, тіпті кейбіріне несие рәсімдеткен. Банданың қай уақыттан бері әрекет етіп келгені әзірге нақты белгісіз. Сондай-ақ олардың студенттерден қандай сомада қаражат талап еткені де айтылмады”, – делінген хабарламада.

Полицияның мәлімдеуінше, бұл жағдайдың ұзақ уақыт бойы жалғасқан. Бопсалаушыларды ұстауға кім көмектескені де әзірге белгісіз. Тек арнайы операция бір мезгілде екі қалада қатар өткізілгені белгілі.

“Павлодар облысының жедел уәкілдері ұзақ уақыт бойы университет мен колледж студенттерін бопсалап келген әлеуметтік бейімделмеген жастар қатарынан екі адамды анықтап, ұстады. Қазір ұсталғандарға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр”, – деді Павлодар облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Асхат Маралбаев.

Полиция бөлімшесі күдіктілерге қатысты кемінде 10 факті тіркелгенін айтады.

Айым Болатқызы
Сәрсенбі, 30 Сәуір, 2025 09:11
Талқылау