AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар облысында оқу жылы басталса да, балалар мектепте оқи алмай жүр

Павлодар облысының Березовка ауылындағы оқушылар екінші тоқсан аяқталуға таяса да, мектепке әлі бармаған. Өйткені былтырдан бері карантинде бос тұрған білім ұясы, тура қыркүйекте күрделі жөндеу жұмыстарына жабылған. Содан бері ауыл балалары Мәдениет бөліміне қарайтын ескі ғимаратта білім алып келген. Бірақ, ол ғимарат та жөндеуге жабылып, оқушылар жаппай үйлерінен оқуға жіберілген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

мектеп

Тереңкөл ауданына қарасты Березовка ауылындағы мектептің табалдырығынан биыл бір де бір оқушы аттаған жоқ. Пандемия кезінде бос тұрған ескі білім ұясын әкімдіктегілер жаңа оқу жылы тақағанда күрделі жөндеуден өткізбек болған. Бірақ шағын мектепті жөндеу үшін бес рет тендер жариялаған. Сөйтіп тура қыркүйекте мектеп күрделі жөндеуге жабылып, оқушылар ауылдағы Мәдениет үйінің ескі ғимаратында оқуға мәжбүр болған. Бұл ғимараттың да тозығы жеткендіктен балалардың білім алуына жағдай жасалмаған. Сондықтан шұғыл жөндеу жұмыстарына жабылған. Ал оқу басталғалы мектеп табалдырығын аттамаған балалар үйлерінен оқуға жіберілген.

“Біз мәдениет үйіндегі жөндеу жұмыстарын желтоқсан айының 16-на дейін аяқтауымыз керек. Сол үшін оқушылар онлайн форматқа көшірілді. Ғимарат іші негізінен жылы. Тек, жөндейтін жерлері бар”, – дейді Березовка ауылының әкімі Оксана Жаркина

Қазір қабырғасы жарты ғасыр сылақ көрмеген білім ордасын жаңарту үшін құрылысшылар жанталасып жатыр. Үш айдан бері созбаққа салынған жұмыстарды облыс әкімі енді бір аптада бітіруге уәде етті.

“Тек қана 10 күн ішінде осы қиындық мәселелер болды. Сондықтан осы бір жетіде шешілетін мәселе бақылауымызда әрине болады. Жағдай шешіледі”, – дейді Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов.

Ал ауыл балалары мен мұғалімдері тым болмаса үшінші тоқсаннан бастап жаңа мектепте оқысақ деп тілеп жүр екен.  Мектепті күрделі жөндеуден өткізуге 102 миллион теңге бөлінген. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр