Павлодар облысында құны 1 миллиард теңгеден асатын жанармайды заңсыз сатпақ болғандар ұсталды
Қаржылық мониторинг агенттігі Павлодар облысында мұнай өнімдерін шығу заңдылығын растайтын құжаттарсыз тасымалдау және сату фактілерінің анықталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Агенттік мәліметіне сәйкес, тергеу барысында 15 көтерме жеткізушіден 610 миллион теңгеден астам сомаға 3,5 мың тонна АИ-92 маркалы бензин сатып алу фактісі анықталған. Кейін жанармай белгісіз тұлғаларға "Унгефуг" ЖШС арқылы құжаттарсыз сатылған.
“Дәл осы ЖШС құжатсыз жалпы сомасы 550 миллион теңгеден астам жалпы көлемі 2,4 мың тонна дизель отынын сатқан”, – делінген хабарламада.
Аталған дерекке қатысты сот Шұғатаев Ж.С. 6 жылға, Унгефуг С.Г. 4 жыл 6 айға, Шамиев Е.Х. 2 жыл 8 айға бас бостандығынан айырып, 3 көлік пен 3 жартылай жүк тіркемелерін тәркілеу туралы үкім шығарды.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”