Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар облысында карантин шаралары күшейтілді

Павлодар облысында демалыс күні локдаун енгізіледі. Өңірдің бас санитар дәрігері шектеу және карантин шаралары туралы жаңа қаулыны қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

павлодар

Коронавируспен ауыратын науқастардың өсуіне байланысты карантиндік шаралар күшейді.

Павлодар облысында демалыс күндері бірқатар қоғамдық нысандардың жұмысына тыйым салынады. Өзгерістер қоғамдық тамақтану объектілерінің, жабық базарлардың, сауда үйлері мен орталықтардың, қоғамдық көліктің, қалааралық және ауданаралық жолаушылар тасымалының жұмыс режиміне қатысты.

"Қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысы сағат 9-дан 20.00-ге дейін және жеткізу 22.00-ге дейін қысқарады. Сенбі және жексенбі күндері сауналар, жабық базарлар, сауда орталықтары, сауда үйлері, азық-түлік емес дүкендер мен қоғамдық көліктердің жұмысы тоқтатылады. Бұдан басқа, ұйымдар мен мекемелер қызметкерлерінің 80 пайызы қашықтықтан басқару форматына ауыстырылады", - деді Павлодар облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілі Ғизат Әбешев.

Жаңа қаулы 20 қаңтар сағат 00.00-ден бастап күшіне енеді.

Айта кетейік, Павлодар облысы эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты қызыл аймаққа енді.

Соңғы тәулікте Павлодар облысында155 адам коронавирус жұқтырғаны анықталды. Жыл басынан бері бұл ең жоғары көрсеткіш. Ресми деректер бойынша қазір инфекциялық стационарда 530 адам бар, оның ішінде 21-і ауыр халде, оның алтауы ӨЖЖ аппараттарына қосылған.

Талқылау