Павлодар облысында ірі жол апаты болып, 2 адам қаза тапты (видео)
Видеодан скрин
Павлодар облысында ірі жол апаты болып, екі адам қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 11 қазан күні Омбы-Майқапшағай тасжолында болған.
”Ауа райының қолайсыз жағдайында ВАЗ-2110 маркалы автокөліктің жүргізушісі көлікті басқара алмай, қарсы бағытқа шығып, бетпе-бет соқтығысқан”, – делінген хабарламада.
Қазақстанда бірқатар апаттардан кейін Toyota Alphard көлігіне тыйым салу ұсынылды
Полиция жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғады.
Жол апаты салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен жолаушысы қаза тапты.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан жол апатынан қаза тапқандар саны бойынша әлемде алғашқы үштікте кіргені туралы жазған едік.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген