Павлодар облысында ер адам жасөспірімді зорлаған: Қыздың анасы қазақстандықтарға үндеу жолдады
Фото: freepik.com
Павлодар облысында ересек ер адам жасөспірім қызды зорлаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әлеуметтік желіде зорлыққа ұшыраған қыздың анасының видеосы тарады. Әйел Павлодар облысының құқық қорғау орғандарының әрекетсіздігіне шағымданды.
“Мен ересек ер адам тарапынан сексуалды зорлық-зомбылыққа үшыраған жасөспірім қыздың анасымын. Еліміздегі қыз өсіріп отырған барлық анаға үндеу жолдаймын. Қызым екеуміздің 3 айлық тергеу жұмыстарының нәтижесінде келген жерімізді жауыма да тілемеймін. Қызымды зорлаған ер адамның әлі күнге дейін кәмелетке толмаған жасөсірімдермен сөйлесіп жүргенін білдім. Осы балаларда да біздің басымыздағы жағдай қайталануы мүмкін деп ойлаймын. Балаларыңызды қорғаңыздар”, – дейді әйел.
Таразда бір жыл бойы балдызын зорлап келген педофилге сот үкімі шықты
"Көлік жүргізуді үйретемін": Түркістан облысында ер адам 17 жастағы қызды бір жыл бойы зорлап келген
Видеоның сипаттамасында күдіктінің әлі күнге дейін бостандықта жүргені айтылған.
Полиция департаменті аталған жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті.
“Күдікті анықталып, ішкі істер органдарына жеткізілді. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажет тергеу іс-шараларының кешені жүргізіліп жатыр. Іс аяқталу сатысында, тергеудің толықтығы мен жан-жақтылығы қамтамасыз етіледі, қорытындысы бойынша материалдар сотқа жіберіледі”, – делінген полиция хабарламасында.
Еске салсақ, бұған дейін Павлодарда өгей қызын зорлаған ер адам өмір бойына сотталғаны туралы жазған едік.

"Баласы бар әйелге міндет арту – сауатсыздық": Қазақстандықтар сәбиі бар үйге қонаққа баратындарды сынады
