Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар облысында еліміздегі және ТМД-дағы ең ірі жаңартылатын энергия көздері жобаларының бірінің капсуласы қаланды

Павлодар облысында елдегі және ТМД-дағы ең ірі жаңартылатын энергия көздері жобаларының бірінің іргетасын қалау рәсімі өтті

Бүгін Павлодар облысында қуаты 1 ГВт болатын, энергияны жинақтау жүйесімен жабдықталған жел электр станциясының құрылысының басталуына орай уақыт капсуласын қалау рәсімі өтті.

Аталған жоба жел электр станциясы заманауи энергия жинақтау технологияларын пайдалана отырып, экологиялық таза электр энергиясын өндіруді қамтамасыз етеді.

Жоба "Самұрық-Энерго" АҚ тарапынан State Power Investment Corporation компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылуда және Қазақстандағы жаңартылатын энергия көздері саласындағы ең ірі нысандардың біріне айналады. Нысан 2029 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

Павлодар облысында елдегі және ТМД-дағы ең ірі жаңартылатын энергия көздері жобаларының бірінің іргетасын қалау рәсімі өтті

Инвестициялардың жалпы көлемі шамамен 1,2 млрд АҚШ долларын құрайды. Құрылыс кезеңінде 1000-нан астам жұмыс орны ашылады. Ал пайдалануға беру уақытында шамамен 50 тұрақты жұмыс орны ұсынылады. Жоба Қазақстан мен Қытайдың үкіметаралық деңгейінде қолдау тауып отыр.

Жоба қуаты 300 МВт / 600 МВт·сағ болатын заманауи энергия жинақтау жүйесін біріктіруді көздейді. Оның құрамына сұйықтықпен салқындатылатын шамамен 76 аккумуляторлық блок кіреді.

Павлодар облысында елдегі және ТМД-дағы ең ірі жаңартылатын энергия көздері жобаларының бірінің іргетасын қалау рәсімі өтті

Бұл жүктемені теңестіруге және жел генерациясы өзгермелі болған жағдайда да электр энергиясын тұрақты түрде жеткізуге мүмкіндік береді.

Жоба Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерін дамытудағы маңызды қадам болып табылады, деп атап өтті "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов құттықтау сөзінде.

Павлодар облысында елдегі және ТМД-дағы ең ірі жаңартылатын энергия көздері жобаларының бірінің іргетасын қалау рәсімі өтті

"Бұл жоба елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтып қана қоймай, сонымен қатар тиімді халықаралық ынтымақтастық пен озық технологияларды енгізудің үлгісіне айналады", – деді ол.
Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 30 Наурыз, 2026 19:35