Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар облысында азаматтық некедегі жарының 14 жастағы қызын зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

жасөспірімді зорлаған адам сотталдыФото: Tengrinews.kz видеосынан скрин

Павлодар облысында мектеп оқушысы анасының азаматтық некедегі жолдасынан жәбір көргенін мәлімдеді. Айыпталушы өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Жасөспірімнің анасы сотталушының жазасын жеңілдетуді сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 47 жастағы ер адамға қатысты үкім шықты. Оған кәмелетке толмаған баланы зорлады (Қылмыстық кодекстің 120-бабы, 4-бөлігі) деген айып тағылды. Сот жабық есік жағдайында өтті.

Іс материалдарына сәйкес, биыл наурыз айында 14 жастағы қыз мектеп психологына қорқынышты түс көріп қиналғанын айтып шағымданған.

"Қыз бала психологтан: "Жаман түс көруіме мені зорлаған жағдай себеп болуы мүмкін бе?", - деп сұраған. Осыдан кейін кәмелетке толмаған оқушы 2024 жылдың желтоқсан айында өз үйінің жатын бөлмесінде анасымен бірге тұратын ер адам (сожитель) оны зорлағанын айтып, бұл жағдай өзін қатты алаңдатып жүргенін жеткізген. Мектеп психологы бұл туралы мектеп директорына хабарлаған. Ал оқу орнының басшылығы бірден полицияға мәлімдеген", – деді судья Нұрлан Абаев. 

Ресми мәлімет бойынша, ер адам қыздың өзі интимдік қатынасқа келіскенін айтып, сотта кінәсін мойындамаған. Мұны сотта қыздың анасы да мәлімдеді.

"Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында сотталушы кінәсін мойындап, жасаған қылмысының мән-жайын егжей-тегжейлі айтып берді", – деді судья Айтбаев.



Сот отырысында зардап шеккен оқушы қыздың анасы айыпталушының жазасын жеңілдетуді сұрады.

"Қыздың анасы сотта барлығы қызының өз еркімен болғанын айтқан. Осылайша ол айыпталушыға Қылмыстық кодекстің 122-бабының 1-бөлігін (Көрінеу он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттерді жасау) қолдануды сұрады. Соттың пайымдауынша, кәмелетке толмаған қыз өз айғақтарын қорқыныштан өзгерткен. Ол мұндай қадамға анасынан сотталушыға қандай қатаң жаза қолданылатынын естігеннен кейін барған. Отбасында кәмелетке толмаған тағы үш бала бар. Оларды анасы жалғыз өзі тәрбиелеуге мәжбүр болады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында қыз ер адамның өлтіремін деп қорқытып, зорлағанын айтты. Ол ұзақ уақыт бойы мұны айта алмаған. Өйткені қыз әлі бала болған соң өміріме қауіп төнеді деп қорыққан. Ол кезде қыз 13 жаста болған", – деді судья. 

Сот айыпталушының қылмысты мас күйінде жасағанын ескеріп, бұл жайтты ауырлататын мән-жай ретінде қарастырды. Сотталушының Қылмыстық кодекстің 120-бабының 4-бөлігі (Зорлау) бойынша кінәсі дәлелденіп, оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ер адам жазасын қатаң режимдегі мекемеде өтейді. 

Айта кетейік, бұған дейін Абай облысында әйелінің 9 жасар жиеніне азғындық жасаған ер адам өмір бойына сотталғаны туралы жазған едік. 

Жұмаділлә Нұрила
Сәрсенбі, 23 Шілде, 2025 14:49
Талқылау