Павлодар облысында анасының мәйітімен бір үйде тұрған 6 жасар қыз балалар үйіне жіберіледі

Павлодар облысында анасының мәйітімен бір үйде тұрған кішкентай қыз балалар үйіне жіберілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме хабарлайды.
Осыған дейін Павлодар облысында қария екі мәйітті бал және маймен өңдеп, екі жыл бойы үйінде сақтағанын жазғанбыз. Марқұмдардың мәйіттері екі үй орналасқан ауладан табылған. Үйлердің бірінде қария алты жасар немерісімен бірге тұрған.
Қазір сараптама жүргізілуде, іс бойынша күдіктілер жоқ. Зейнеткер өз үйінде тұруын жалғастырып жатыр. Ал осы уақыт бойы анасы мен атасының мәйіттерімен бірге тұрған алты жастағы қыз балалар үйіне жіберіледі.
Дәрігерлер қызды тексеріп, денсаулығы жақсы екенін анықтады. Қыз бала қажетті екпелерін алды. Алдағы күндері ол Екібастұз қаласындағы “Үміт” балаларды қолдау орталығына орналастырылады.
“Бүгінгі таңда медициналық зерттеулерге сәйкес, қыздың психоэмоционалдық, психологиялық және психикалық жағдайы қалыпты, жағдайы жақсы. Бала мемлекеттік мекемеге орналастырылғаннан кейін оған ресми қамқоршы тағайындалады. Бұл жағдайда қамқоршы мемлекеттік мекеме басшысы болады”, – деді Павлодар облысының бала құқықтары жөніндегі уәкілі Сәуле Шакенева.
Еске салсақ, бұған дейін Павлодар облысында қария екі мәйітті бал және маймен өңдеп, екі жыл бойы үйінде сақтағаны туралы жазған едік.
"Денем кез келген уақытта ісіп кетеді": Қазақстандық өзінің ісік ауруымен ауыратынын 50 жылдан кейін ғана білген