Павлодар облысында ағаш бұтағы қадалып, қаза тапқан әйелдің отбасына 1 миллион теңге беріледі
Фото: kerekpv арнасы
Такси ішінде отырған әйелге ағаш бұтағы қадалып, мерт болған павлодарлық әйелге жергілікті атқарушы органда 960 мың теңге көлемінде көмек бермек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әлеуметтік желіде отбасына жұмыс істеген уақытына 310 мың теңге көлемінде өтемақы төленетіні туралы ақпарат пайда болды. Сондай-ақ жерлеуге 360 мың теңге өтемақы қарастырылған.
"Жергілікті атқарушы органдар 950 мың теңге көлемінде көмек бөліп, жерлеу кезінде туыстарын тасымалдау үшін автобус беріп жатыр", – деп хабарлады авторлар.
Павлодар облысының Ақсу қаласында тұрғындар №19 балабақшаның хореографы Марина Валерьевна Пахомовамен қоштасты, ол дауылдың салдарынан қайғылы қазаға ұшырады. Әйел 30 маусымда 57 жасқа толар еді. Артында кәмелетке толған үш ұлы мен бір немересі қалды.
27 жыл сабақ берген: Дауыл кезінде кеудесіне ағаш қадалып көз жұмған әйелдің кім екені белгілі болды
Павлодар мен Екібастұзда қатты желден ағаштар құлап, тұрғындар жарықсыз қалды (видео)
Еске салайық, 19 маусымда Ақсу қаласында қатты дауыл салдарынан ағаштың бұтағы сынған. Бұл бұтақ жол жиегінде келе жатқан таксидің алдыңғы әйнегін сындырып, алдыңғы орында отырған 1968 жылы туған жолаушы әйелдің кеудесіне қадалған.

"100 мыңнан 5 миллион теңгеге дейін қаржы кетеді": Қазақстандық жаназа рәсіміне аста-төк дастархан жайып, шығындалатындарды сынады
