Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 8-сынып оқушысының жүктілігі үшін ауыл мектебінің мұғалімдері жазаланды

Павлодар облысында 8-сынып оқушысының жүкті болғаны үшін ауыл мектебінің мұғалімдері жазаланды. Қыздан мән-жайды сұраған кезде ол кінәлі деп өгей әкесін көрсеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сурет pexels-тен 

Деректерге сай, оқушының жүкті екенін сынып жетекшісі бірінші байқаған.

"Қыз қыркүйекте мектепке келіп, қазан айы бойы ауырып жүрді. Қарашада сабаққа келгенде сынып жетекшісі өзгерістерді байқай бастаған. Бірақ оқушыда мұндай жағдай болуы мүмкін деп ешкім ойламаған. Мұғалім мұқият назар салып, қыздың ішінің шыққанын көріп, анасын шақырған. Кейін барлығы бірге ауруханаға барып, баланың 25 апталық жүкті екенін анықталған", – деп хабарлады Павлодар аудандық білім бөлімі. 

Оқиға туралы мұғалімдер бірден полиция мен прокуратураға хабарлаған. Білім бөлімінің мәліметінше, қыз жақсы отбасында тәрбиеленген. Дегенмен қыз өгей әкесімен және одан туған бауырларымен бірге тұрған. Ал ауруханада қыздан мән-жайды сұраған кезде ол кінәлі деп өгей әкесін көрсеткен. 

"Сол күні ер адам ұсталды. Қазіргі уақытта мектеп директорына, орынбасарына және сынып жетекшісіне тәрбие жұмысын нашар жүргізгені үшін қатаң сөгіс жарияланды", – деп хабарлады білім басқармасы.

Полиция күдіктінің ұсталғанын растады.

"Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 120-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, күдікті қамауға алынды. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге жариялауға жатпайды", – деп түсіндірді облыстық полиция.

Кәмелетке толмаған балаға зорлық-зомбылық жасағаны үшін ер адам 20 жылға немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Мектеп оқушысы қазір қашықтан оқытуға көшкен.

Еске салсақ, бұған дейін Жетісу облысында да 8-сынып оқушысының жүкті болып қалғаны туралы хабарлаған едік.

Талқылау