Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар облысында 13 жастағы қызын зорлаған өгей әке өмір бойына сотталды

Өгей қызын зорлаған әке өмір бойына сотталдыФото: istockphoto.com

Павлодар облысында 13 жастағы қызды зорлаған өгей әке өмір бақи бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жабық түрде өткен сотта 48 жастағы күдіктінің кәмелетке толмаған жеткіншектің дәрменсіз күйін пайдаланып, азғындық жасағаны дәлелденді. Бірақ сотталушы кінәсін мойындаған жоқ.

Сот барысында өгей әке кәмелетке толмаған оқушыны былтыр желтоқсан айында үйінде арам ойын іске асырғаны анықталды. Жасөспірім сұмдық оқиғаны биыл наурыз айында мектеп психологына айтқан екен. Медицина маманы дабыл қағып, полицияға хабарлаған. Іс материалдарында сотталушының кінәсі жәбірленуші мен куәгерлердің айғақтарымен және сараптама қорытындысымен дәлелденген.


Сынып жетекші өгей қызын зорлаған педофилді ұстауға көмектесті

Төрт өгей қызын зорлаған педофил өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасынан құтылып кетті


Жәбірленушінің анасы қызын қорғаудың орнына күйеуінің жазасын жеңілдетуді сұраған.

"Істің мән-жайын және сотталушының жеке басын ескере отырып, оған қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіз мекемелерінде өтеумен өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ”, – деді Павлодар облыстық соты баспасөз қызметінің басшысы Агидель Ыбраева.

Еске салсақ, бұған дейін ВИЧ жұқтырған қазақстандық ер адам өгей қызын зорлағаны туралы жазған едік.

Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 23 Шілде, 2025 21:34
Талқылау