Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар облысы Успен ауданының полиция бөлімінде "Тәуелсіздік аллеясы" ашылды

Биыл еліміз өз Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтуде. Осыған орай, Павлодар облысының Полиция департаменті "30 игі іс"челленджін іске қосты. Павлодар облысы Успен ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері бұл іс – шараны қоршаған ортаға өте креативті және үлкен пайдамен-шырша көшеттерін отырғызумен бастады.

Іс-шараға Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Жандос Орынбаев, Успен ауданының әкімі Николай Дычко, аудан прокуроры Әсет Жүсіпов және аудандық мәслихат депутаты Ғадыл Наукенов қатысты.Әрбір шақырылған адам ағаш отырғызуға қатысты. 

Павлодар облысы Успен аудандық полиция бөлімінің бастығы Берік Оралов экологиялық акцияның маңыздылығын атап өтті.

Бүгін ерекше күн – полиция бөлімінің аумағында полицияның тәуелсіз Қазақстанның дамуына қосқан үлесі туралы естелікті білдіретін 30 кішкентай шырша отырғызылды, – деп атап өтті Берік Оралов. Полицейлердің еңбегі әрбір азамат үшін маңызды, өйткені қауіпсіздік – қоғамды дамыту үшін қажетті негіз болып табылады. Жақын арада сізді тұтас шырша аллеясы қуантады деп үміттенемін. 

Құқықтық тәртіп сақшылары біздің мемлекетіміздің Тәуелсіздік алғанына 30 жыл – бұл біздің басты байлығымыз бен игілігіміз, сондай-ақ бұл  ерекше күн екенін атап өтті.

"30 игі іс"эстафетасында бірінші болу біз үшін үлкен мәртебе. Жеке құрам жасыл желектерді отырғызу идеясын ықыласпен қабылдады, бұл біздің бөлімнің мақтанышына айналады, – деп бөлісті аудандық полиция бастығы. 

Павлодар облысы полицейлерінің игі істер эстафетасы жалғасуда және кезек Тереңкөл ауданының полиция бөліміне берілді.

Дидар Халық
Жұма, 21 Мамыр, 2021 18:39
Талқылау