Павлодар мектептерінің бірінде өрт шығып, үш оқушы ауруханаға түсті
Павлодар мектептерінің бірінде өрт шығып, 5 оқушы зардап шекті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.
Иіс газына уланған үш оқушы ауруханаға жатқызылды, тағы екеуі тексерістен кейін үйлеріне жіберілді. Өрт оқу мекемесінің үшінші қабатында, кітаптар сақталған бөлмеде шыққан.
Шұғыл түрде 500 адамды эвакуациялауға тура келді. Өртті арнайы техниканың 9 бірлігі мен 35 адам сөндірді.
Өткен жылы аталған мектепте капиталды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оған бюджеттен 600 млн теңгеден аса қаржы бөлінді. Өрт сөндіру қызметкерлері жалынның шығу себебін анықтауда. Алдын ала болжам бойынша, мектепте өрт қауіпсіздігі ережелері сақталмаған.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ